Аудандық штаб отырысы өтті

0 21

Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың төрағалығымен халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту және елімізде өршіп тұрған қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай жайлы штаб отырысы өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты.

Елімізде бірнеше жыл бұрын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгені белгілі. Бұл жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін қазақстан халқы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» жарна аударып отыруы қажет. Бүгінгі таңда бұл мәселе әлі де айтарлықтай қиындық туғызып жатқаны белгілі. Себебі, елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер өте көп. Олар тұрақты түрде жарнаны аудармайды, ал ауруханаға қайырылған кезде «сақтандырылмаған» мәртебесі анықталып, ондай азаматқа қызмет көрсету мүмкіндігі болмайды. Осыған орай, ауданымызда да халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыру жұмысы өзекті. Аудан әкімі аталған мәселені жақсарту бойынша жұмыстарды арттыру қажет екенін баса айтты.
— Күні кеше облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс кеңесінде осы мәселе қаралды. Ауданымыздың халық саны 158 155 адам болса, оның ішінде сақтандырылмағандар саны 41386 адам немесе 26,1 пайызды құрауда. Яғни, осыншама адам қажет жағдайда ем-дом қабылдау мүмкіндігінен айырылған. Бұл өте күрделі мәселе, — деген Бегзат Сейсенқұлұлы орталық аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбековаға және ауылдық округ әкімдеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарын арттыру керектігін айтты. Сонымен қатар, «Отбасылық цифрлық карта» аясындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілмеген азаматтар туралы да кеңінен әңгіме өрбіді.
Штаб отырысында қызылша ауруына қарсы екпе егу мәселесі де кеңінен насихатталуы керектігі айтылды. Себебі, Жамбыл облысының өзінде бұл ауруға шалдыққандардың саны мыңнан асып жығылады. Дәрігерлердің айтуынша, ауырғандардың басым көпшілігі екпе алмағандар.
«Қызылша – пневмония, миға асқынуларға немесе науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Кез келген адам қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болса, ауруды жұқтыруы мүмкін, әсіресе екпесі жоқ балалар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.