Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек бастаған топ, атап айтқанда облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы Жер ресурстарын басқару департаменті, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының, жер кадастр басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет қала құрылыс басқармасы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы басшыларымен Қордай ауданында жеке тұрғын үй құрылысы мақсатындағы «Пайдаланусыз жатқан жер телімдерін зерделеу» бойынша жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеудің мақсаты — мемлекет қарамағындағы жер телімдерін игеріп жергілікті тұрғындардың жер мәселелерін тиісті жерлермен қамтамасыз ету және тиімді жағдай жасау.
Құрылған топ мүшелері инфрақұрылымымен жүргізген алқаптарды аралап, жұмыстарды бастады.
Алдағы уақытта жұмысшы топ зерделеу жұмыстары аудандарда жалғасын табатын болады.