Ағымдағы жылы Қордай ауданы Ноғайбай ауылында екі инфрақұрылымдық жоба атап айтқанда, — су және газ құбырларының құрылысы іске асуда. Жергілікті тұрғындар үшін маңызы жоғары жобалардың сапалы мерзімінде орындалуы аудан әкімі Б.Болатбековтың жеке бақылауында. Аппараттық кеңесте орындалу барысы қаралатын жобаларға бүгін зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімдігінің тұрғын — үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, округ әкімі бастаған жұмысшы топ құрылыс алаңында болып, жауапты тұлғалармен кездесті.
Су жүйесінің құрылыс жұмыстарын қолға алған «Сәт Сервис» ЖШС ауылішілік су құбырын толығымен жүргізіп, 156 нүктеге құдықтар орнатқан. Бүгінде 130 метрлік ұңғыма, су жинағыш құрылуда. Жалпы, жұмыс көлемінің 95 пайызы аяқталған.
Сондай ақ, газ құбыры, магистральдық газ құбыры – жанғыш газдарды шығатын жерінен алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған құрылыс.
Газ құбырын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Gas Energy Construction» жұмысты толық аяқтап қазіргі уақытта бөлім тарапынан қабылдау жұмыстары жүруде.