Газ жарылып кетеді ме деп қорықтық: Таразда көпқабатты үйдің тұрғындарын полиция эвакуациялады

0 14

Тараз тұрғындары полицейлердңң адамдарды өрттен құтқарған бейнематериалдарын жарыса жариялауда. Кадрлардың бірінен полицейдің жарақаттанған аяғына қарамастан үй тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырғанын көруге болады.

«Ол аяғын қайырып алуы мүмкін», «Ақсап тұрғанына қарамастан, ол жанып жатқан пәтерге жүгірді», «Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!», қазнет пайдаланушылары оны мадақтап, әртүрлі жылы сөздер айтуда.

Белгілі болғандай, өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған. Тұрғын үйден барлығы 60 адам эвакуацияланды.

2024 жылдың 13 мамырына қараған түні Полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын мазасыздана хабарлады.

Көрсетілген мекенжай бойынша жақын маңдағы патруль жасағы кідіртпей жіберілді. Оқиға орнына бірінші болып келген полиция қызметкерлері қызметтік көліктерден өрт сөндіргіш құралдарды алып, өртке оранған пәтерге жүгірді.

Полицейлер өрт ошағын жойып, әйелді және оның бес кәмелетке толмаған баласын өрттен алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста. Бұдан әрі полиция қызметкерлері жарылысты болдырмау үшін пәтердегі газды жауып, осы көпқабатты тұрғын үйдегі басқа да адамдарды эвакуациялады.

Пәтер иесі Тараз қ.ПБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошқаевқа , инспекторлар Елжас Болатқа, Әділет Тойжігіт пен  Дидар Нәбиевке балаларының өмірін сақтап қалғаны үшін өз алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.