«Қазақстанда волонтерлік мәдениет қалыптасып келеді»
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткай айтты.
«Қазір елімізде волонтерлік мәдениетті қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Әрине, бұл оңай емес және бірнеше жылға созылатын ұзақ процесс. Дегенмен қоғамда да, мемлекеттік органдарда да волонтерлікке деген көзқарас айтарлықтай өзгеріп келеді. Сондықтан бүгін волонтерлікпен айналысатын жастар үшін мүмкіндіктер өте мол. Волонтерлік қызмет жас азаматтарға мансаптық жолында да, жеке дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз», — деді Максим Споткай.