Жамбыл облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Жігер» жобасы пилоттық режимде іске қосылатын болады

0 13
Жамбыл облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Жігер» жобасы пилоттық режимде іске қосылатын болады. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің тапсырмасы бойынша Таразда “Жігер» жобасы таныстырылды.
Іс-шараның модераторы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов болды.
«Жігер» жобасы «Intellect7G эксперттер және кеңесшілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен және Жамбыл облысы Полиция департаментімен бірлесіп әзірленді.
Жоба отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылған адамдарға қатысты жасалған атаулы жұмысты білдіреді.
Дөңгелек үстел барысында жобаның негізгі бағыттары туралы «Intellect7G эксперттер және кеңесшілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Маржан Елікұлова, облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Диляфруз Кинжеханова айтып берді.
Сондай-ақ, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Зауре Тұрғынова сөз сөйледі.
Кездесуге қатысушылар жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын жедел кесуге және әлеуетті жәбірленушілер үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, оларға қажетті медициналық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін көрсетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, шара барысында уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
ПД бастығы пилоттық жобаны талқылау кезінде атап өткендей, 2024 жылдың сәуір айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға қол қойды. Түзетулер әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты. Осы түзетулердің негізінде Полиция департаментімен тығыз ынтымақтастықта «Жігер» жобасы әзірленді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін барлық құқықтық мүмкіндіктерді пайдаланылатын болады.
Қоғам өкілдері жобаны қолдағаны үшін Арманбек Баймурзинге алғыс білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша Жамбыл облысының аумағында пилоттық режимде «Жігер» жобасын іске қосу туралы шешім қабылданды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.