Жол қозғалысы ережелерін білу — қауіпсіздіктің негізі

0 11
Жыл басынан Жамбыл облысының аумағында жаяу жүргіншілерді өткізбеген көлік жүргізушілеріне қатысты 683 әкімшілік хаттама және жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қатысты 24 017 хаттама толтырылды.
Жол қозғалысы кезінде артықшылықты пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жол бермегені үшін 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделгенін атап өту қажет. Қайта бұзушылық орын алған жағдай 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған 4 көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру бойынша емтихан тапсыруға жіберілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.