Инфрақұрылымды дамыту — бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі

0 11
2024 жылғы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті инфрақұрылымды дамыту — бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Жол — экономиканың күре тамыры. Ел экономикасының дамуына автомобиль жолдарының қосар үлесi мол.
Жамбыл облысында автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан игілікті істер жет­кі­лікті.
Бұл түрғыда, 2024 жылы өңірлік жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді-мекен көшелерін жөндеуге жалпы 26,8 млрд.теңге бөлінді. Есебінен 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпір құрылыспен, 3,0 шақырым жолдар қайта жаңғыртумен және 690,4 шақырым жолдар орта жөндеулермен қамтылды.
Оның ішінде:
95,9 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
88,1 шқ – аудандық маңызы бар жолдар;
506,4 шқ – елді мекен көшелері.
Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 2,3 млрд.теңге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталды.
Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі — 99% (жақсы — 65%; қанағаттанарлық — 34%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 87% (жақсы — 67%; қанағаттанарлы қ- 20%) жеткізілді.
2025 жылда да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі таңға, жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді-мекен көшелерін жөндеуге барлық бюджет көздерінен 23,6 млрд. теңге бөлінді.
Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шақырым көше жолдарын құрылыспен, 8,0 шақырымды қайта жаңғыртумен және 391,4 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Оның ішінде:
45,1 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
83 шқ – аудандық маңызы бар;
263,3 шқ – елді мекен көшелері.
Барлығы 146 жол жөндеу жобалары іске асырылады.
Оның ішінде:
— «Көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы» ұлттық жобасымен – 24 жоба немесе 128,1 шқ.
— «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 49 жоба немесе 116,8 шқ.
— «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 6 жоба немесе 20,3 шқ. автожол, 1 көпір құрылысы.
— «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 5,4 шқ.
— Жергілікті бюджеттерден – 64 жоба немесе 146,5 шқ. автожол және 5 көпірдің құрылысы.
Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 3,4 млрд.теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталмақ.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5% (жақсы-70%; қанағаттанарлық-29,5%), елді мекен көшелерін бойынша бұл көрсеткішті 89% (жақсы — 70%; қанағаттанарлық — 19%) жеткізу межеленіп отыр.
Жобалардың іске асырылуы өз кезегінде облыс тұрғындарының қауіпсіз көліктік қатынасуын қамтамасыз етумен қатар, халық тұрмысының жақсаруы мен жалпы өңірдің дамуына үлесін тигізіп, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттырады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.