Ұлы ақын-ағартушы, композитор, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Астана Операда» бірқатар маңызды іс-шара жоспарланған.
Оның алғашқысы 2 наурызда К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтетін «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» концерті болмақ. Концерттің орындаушысы әрі идеялық шабыт берушісі – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов.