Cоңғы жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікісі кеңейіп келеді. Оған мемлекет тарапынан ұсынылған түрлі бағдарламалар сеп болуда. Мәселен, тараздық Ирина Корнаухова ірімшіктің 35 түрін жасап, қазір кәсібінің қанатын кеңге жайған жан.
Бүгінгі таңда аймақта 103 880 жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. 164 607 адамнан астам адам шағын және орта бизнес арқылы жұмыспен қамтылған. Осыған дейін кәсіпорындар тарапынан 595,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,9% өскен. Өндірілген өнім көлемінің артуына шағын кәсіпкерлікпен айналысушы ауыл тұрғындары да үлес қосуда . Солардың бірі-Ирина Корнаухова. Ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Бір ауыл-бір өнім» жобасының игілігін көріп отыр. Тараздық тұрғын ірімшіктің 35 түрін жасайды. Ол үшін күніне жарты тонна сүтті өндейді. Осындай адал еңбегі мен мемлекет ұсынған қолдаудың нәтижесінде қазір өзінің жеке цехы бар.
-Менің негізгі мамандығым кондитер. Дегенмен, ірімшік жасауды жанымдай жақсы көретінмін. Алғашында үй жағдайында ірімшік жасап көршілеріме сатып жүрдім. Кейін бірте-бірте кәсібімді кеңейттім. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып тоңазытқыштар сияқты қажеттілігімді алдым. Енді міне өзімнің цехымды аштым. Онда 4 азаматты еңбекпен қамтудамын,-дейді Ол.
Қазір кәсіпкердің өндірген өнімдеріне сұраныс жоғары. Сондықтан Тараздық ірімшіктер облыс көлемінде ғана емес, басқа аймақтарға да саудалануда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.