ҚР Үкіметінің өңірлік инспекторы Е.Сәрсенбаев ауданымызға іссапармен келді. Іссапар барысында Түркістан ауылдық округінде болып, Итальян прусына қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысты.
Шараға сондай — ақ, аудан әкімі С. Мамытов, аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабеков, ҚР АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекция басшысы Н.Жігітеков, Сарысу аудандық аумақтық инспекция басшысы – Ә.Бәшенов және Сарысу аудандық фитосанитария және болжамды әдістемелік орталығының басшысы К.Базилов қатысты.
Зерделеу барысында үйірлі және басқа да шегірткелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бақылаған ҚР Үкіметінің өңірлік инспекторы Е.Сәрсенбаев атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жауапты тұлғаларға алдағы уақытта шегірткелердің таралып кетпеуін қадағалауды тапсырды. Бүгінде дала зиянкестеріне қарсы күрес кезең — кезеңімен іске асып жатыр.
Бұдан бөлек, «Еврохим» АГТС құрылысы мен жеткізуші газ құбырын салу» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзіміде аяқтау туралы тапсырма берді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.