Достық үйінде «Мәміле» клубының отырысы өтті

0 2

2025 жылдың 7 қазанында «Қоғамдық келісім»мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубының кезекті отырысы өткізілді.


Іс-шараны Ш.Мұртаза атындағы “Руханият және тарихтану” орталығының бөлім меңгерушісі Назым Қожамар мен облыстық тіл орталығының тіл үйрету маманы Әйгерім Байғабыл жүргізді.
Клуб отырысына этномәдени бірлестік өкілдері, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумына келген спикерлер мен қатысушылар, Заманауи гуманитарлық-техникалық колледж және “Білім” колледжінің студенттері, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары мен тілді үйренуші азаматтар қатысты.
Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеруге ынталы азаматтар мен тілді еркін меңгерген еріктілерге ашық пікірталас алаңын қалыптастыру, тіл үйренушілерге қолдау көрсету, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.