Басты міндет-табиғатты қорғау

0 7

Байзақ ауданында экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды табиғатты қорғауға шақыруды көздейтін “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. Өткен аптада бастау алған “Астананың 10 жылдығы” атындағы саябағындағы тазалық шарасы бүгін өз жалғасын тапты.

Шараға аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының ұжымы қатысты. Олар тазалық шарасына бір кісідей атсалысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.
Сенбілік барысында саябақ аумағындағы ретсіз өскен шөптер мен қураған ағаш бұтақтары кесілді. Арнайы техника жұмылдырылып, жиналған алты тоннадан астам қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғат ананы аялау әрқайсымыздың басты міндетіміз екенін еске сала кетейік. Сондай-ақ, үрдіске айналған сенбілік нәтижесінде ауданымыздың көркі одан әрі айшықтала түсетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.