Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық гигиена» тақырыбында үш күндік семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру, мамандардың біліктілігін арттыру және азаматтардың цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту болды.
Семинар жұмысына облыс әкімдігі басқармаларының, қала және аудан әкімдіктерінің, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікке жауапты мамандары қатысты.
Бағдарлама барысында қатысушыларға заманауи киберқауіптердің түрлері, интернет-ресурстармен қауіпсіз жұмыс істеу әдістері, дербес деректерді қорғау, фишинг пен әлеуметтік инженериядан сақтану жолдары, сондай-ақ сандық этика мен цифрлық гигиенаның маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Семинар аясында қатысушылар үшін интерактивті талқылаулар, тәжірибелік тапсырмалар және нақты мысалдарға негізделген тренингтер ұйымдастырылды. Мамандар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Мұндай семинарлар мемлекеттік қызметшілер мен сала мамандарының киберқауіпсіздік бойынша білім деңгейін арттырып, өңірде цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға оң ықпал етпек.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.