Қаракемер ауылында 120 орындық балабақша ашылды

0 2
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қаракемер ауылынан 120 орындық жекеменшік «Асылай» бөбекжай-бақшасы ашылды.

Әлеуметтік маңызы бар нысан жеке кәсіпкер Қайрат Расылханұлының инвестициясымен салынды. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері Жотай Тұрсынбаевтың немересі. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, жобаға 70 миллон теңге қаржы жұмсалды.

Облысқа белгілі кәсіпкер жігіт біздің сыныптас-досымыз. Бұған дейінде балабақша, басқа да халыққа қажетті нысандар ашқан азамат. Демеушілігі және қайырымдылығымен ел аузында жүрген кәсіпкер жігітті ауылдастары да, аудан тұрғындары да орынды мақтан етеді.

Бөбекжайдың ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы сөз алып, ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, Жамбыл ауданың Құрметті азаматы Ошақбай Ибраймов, Қаркемер ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеахмет Аяпбергенов, ауылдың ең қарт ардагері, тоқсан жастағы Ақатай Балқыбеков ақжарма тілектерін арнады.

Осылайша ардагерлер жекеменшік балғындар мекені ғимаратының лентасын қиып, батасын берді, аналар шашу шашты.

Қарлығаш ТАНХАЕВА,

Тараз қаласындағы И. Панфилов атындағы 39 мектеп-гимназиясы

директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Жамбыл ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.