Т. Рысқұлов ауданына қарасты Рахым Сабденов ауылында көп жылдан бері шешімін таппай келген ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Жалпы құны шамамен бір миллиард теңгені құрайтын жоба мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын «Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындады.
Соңғы екі жылда ауылда инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, спорт кешені мен медициналық пункт салынса, енді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешілді.
Шөнгер ауылының тұрғындары да таза ауыз сумен қамтылды. Мұнда су жүйесінің құрылысын «Темір Строй Сервис» ЖШС жүзеге асырды. Қазіргі таңда ауылдың 230-дан астам тұрғыны тұрақты түрде ауыз суға қол жеткізіп отыр.
Халқы 20 мыңнан асатын Күлән ауылында да жаңа су нысаны пайдалануға берілді. Арай тұрғын алқабы маңында орналасқан су алу құрылысы елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болды. Жобаның жалпы құны 559,5 миллион теңгені құрап, мердігер ұйым ретінде «Sat Construction» ЖШС қызмет атқарды. Бұл Күлән ауылындағы екінші су нысаны болып табылады және жаз мезгілінде ауыз су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, жыл басынан бері Т. Рысқұлов ауданында Сөгеті мен Мамай ауылдары да ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Рахым Сабденов, Шонгер және Күлән ауылдарындағы нысандардың іске қосылуымен аудан халқы толықтай таза ауыз сумен қамтылды. Осылайша, ауданда тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы