Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде дәстүрлі “ITU Cup–Vll” республикалық дебат турнирі өтті.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде дәстүрлі “ITU Cup–Vll” Республикалық дебат турнирі жоғары деңгейде өтті.
“Заң мен тәртіп” қағидасы аясында ұйымдастырылған бұл зияткерлік дода еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған пікірсайысшылардың басын қосты. Турнир барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты тың көзқарастарын ортаға салды.
Аламан дода тартысты пікірталастарға толы болып, үздік спикерлер мен мықты командалар анықталды.
“ITU Cup–Vll” – жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, сыни ойлау мен шешендік қабілетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.