Жамбыл облысында «Жас сақшы» сыныбы ашылды

0 8
Тараз қаласындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараға Жамбыл облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалым Оразбеков пен Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Сәлемов қатысты.

Салтанатты жиын барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды. Сондай-ақ,  оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін арнап, олармен еркін форматта әңгімелесіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.