Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай кейінгі кезде шығыс медицинасына алданып қалып жатқандардың қарасы көп екенін жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдады. Депутаттың сөзінше, Астана қаласынан және басқа да өңірлерден «Шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты азаматтардың шағымы түсіп жатыр.