Сарысу аудандық сапта жүріп ән айту байқауы өтті

0 9
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайтын күн. Бұл күн біздің Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымыздың қорғаны ұлттық әскеріміздің айбынын асқақтататын күн. Қарулы күштер қатарында қызмет ету, әрбір жас қазақстандықтың бойында аталарымыздың батырлық және жауынгерлік дәстүрлерін үлгі тұтып, патриотизмнің жоғары мектебін қалыптастыру.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы аясында орталық алаңда аудандық сапта жүріп ән айту байқауы өтті. Байқау Мемлекет Гимнмен басталды. Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі күннің күн – ерлік пен елдікке тағзым етіп, ата-баба аманатына адалдық танытатын, бейбіт өмірдің қадірін ұғынатын қасиетті мейрам екенін айтты.
Байқауға қатысушы оқушылар сапта жүруі, сапта жүріп ән айтуы бойынша сынға 19 топ түсті. Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша 1 — ші орынды Абылайхан атындағы мектеп лицейі, 2 — ші орынды М.Әуезов атындағы мектеп- гимназиясы , 3 — ші орынды Б.Адамбаев атындағы тірек орта атындағы орта мектебі жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарды аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы арнайы тапсырды. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің әншілері рухты ән шырқап, байқаудың көркін қыздырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.