Тараз қаласында оқушыларға арналған қауіпсіздік тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді

0 10
2026 жылдың 14 мамыр күні Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының мәжіліс залында қауіпсіздік тақырыбында интерактивті сабақ өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Б.Б.Утешов пен басқарма офицері Д. Келіс қатысып, мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге №45 гимназиясының 150 оқушысы мен педагогтері офлайн қатысса, қала мектептерінен 2450-ге жуық оқушы онлайн форматта қамтылды.
Сабақ барысында:
-тұрмыстық өрт қауіпсіздігі;
-сіріңкені абайсыз пайдаланудың алдын алу;
-тұрмыстық электр құралдарын қауіпсіз пайдалану;
 -балалардың отпен ойнамауы;
-су айдындары мен каналдар маңындағы қауіпсіздік;
-терезе маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Мамандар оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін қорғаудың маңызды кепілі екенін атап өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.