Қазақстанда алдағы күндері 40-45 градус аяз болады

0 7

Қазгидромет күннің күрт суытуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Қазақстан аумағынан Актикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар облыстарда қатты аяз күтілуде. Осыған байланысты елімізде ескерту жарияланды.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, кей жерлерде -35 градус қатты аяз болады», — делінген синоптиктердің хабарламасында. Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал. Астанада 23-26 қаңтарда түнде -35-40, күндіз -27-32 градустық қатты аяз болуы мүмкін.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.