Өңірге жаңадан тағайындалған Асқар Мырзахметов алғашқы жұмыс аптасын басқармалардың жұмысымен танысудан бастады. Бір аптаның ішінде салалық басқармалардың жоспарын тыңдап, мәселелерді талқылады.
Аймақ басшысы алдымен кезек күттірмей атқарылуы тиіс жұмыстарға назар аударды. Басқармалар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты үш негізгі басымдықты айқындады. Олар: Өнеркәсіп, өндіріс, кәсіпкерлік саласы. Ауыл шаруашылығы, Тараз қаласы мен оның сәулеттік келбеті. Бұл дегеніміз-өңірдің ендігі дамуы осы бағытта қарқын алады деген сөз.
Бір аптаға созылған кездесуде облыс әкімі ұзын-сонар баяндама тыңдамай, басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Жүзеге асырылатын жоспарлардың жалпылама болмайтынын ескертіп, оларды орындау бойынша нақты мерзім белгіледі.
Мәліметтер мен сурет облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды