Қазақстанның оңтүстігінде 33 градус аяз болады 

0 7

 Карск теңізінен ығысқан суық антициклон Қазақстанға қарай әлі жылжып келеді. Антициклон әкелетін қатты аяз республиканың солтүстік және шығыс облыстарына да жетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Алдағы үш күнде аяз күшейе түсіп, орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарға жетеді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі ауа температурасы минус 40-45 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей жерлерде 28-33 градус аяз, яғни климаттық нормадан 10…18 градусқа суық болады. Еске салайық, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты 26 қаңтарға дейін ескерту жарияланады.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.