Қызылордада әнші Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылады

0 0

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.

Руслан Рүстемов, сондай-ақ, биыл Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының артистері Ұлыбритания сахнасында өнер көрсететінін айтты.

«Барлық өткізілетін мерекелік шаралар осы жылдың басты оқиғалары Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналмақ», – деді ол.

Биыл әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығына әншінің мүсіні қойылады.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.