Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі медицина саласына жасанды интеллект жүйесін енгізеді. Дереккөз: inform.kz. 2005 жылдан бастап осы күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне 14 терабайт мәліметтер жинақталған. Бұл 5,8 млрд бет мәтінмен пара-пар.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, жинақталған мәліметтерді жасанды интеллектімен өңдеу қажет. Мұндай технологияларға «Ватсон» жасанды интеллект жұмысы мысал бола алады.
«Ватсон» аталған медициналық мәліметтері – кітаптарды, ғылыми жарияланымдарды, барлық дерлік клиникалық хаттамаларды сараптап, бір минуттың ішінде емдеуде басымдыққа ие ұсыныс береді. Яғни, дәрігерге қандай технологиялар барын, барынша тиімді жолдары және ғылыми жарияланымдарға сілтеме беріледі», – деді министр.
Айта кетейік, 2017 жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен ІВМ компаниясы денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Министрлік алғашқы пациентті ақпан айында емдеуге ұсыныс алады.
Дереккөз: baribar.kz