Қазақстанда неке жүзігінің бағасы өсті

0 2

Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5% өссе, жылдық мәнде 45% қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%, Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9%. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім – 71%.

Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын еліміздің қай өңірінде некеге тұруға мәжбүрлеу өршіп тұрғанын жазғанбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.