Тараздың үш тұрғыны моншада ыс тиіп қаза болды

0 6

Таразда монша пешінің ақауы салдарынан қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«28 қаңтар күні сағат 18:00-де Тараз қаласында жеке үйдегі моншада табиғи газбен жұмыс істейтін пештің ақауы салдарынан үш азамат ыстан уланып, қаза тапты. Тағы бір тұрғын ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 1984, 1980 және 1964 жылғы тұрғындар қаза тапқан, ал 58 жастағы облыс орталығының тұрғыны қазір ауруханада жатыр. «Бұл жаңа жылу маусымы басталғалы болған 15-ші қайғылы оқиға. Сондай-ақ, 14 адам ауруханаға жеткізілсе, алтауы қаза тапқан», — деп түсіндірді баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мұңатаева. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, барлық жағдайдың себебі бірдей — түтіндіктегі ақау, деп түйіндеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.