Алдағы тәуліктерде атлантикалық циклонға байланысты ел аумағына жылы ауа массасы жетіп, барлық өңірде күн жылиды. Сонымен қатар қар жауып, бұрқасындатып, батыстан күшті жел тұрады. Ал оңтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін. Осы күндері ауаның температурасы климаттық нормаға жақын болады. Айнұр Қайынбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: – Астана қаласы бойынша 1 ақпанда ауаның түнгі температурасы -19 -21, күндіз -9 -11 градусты құрайды. 2 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз түнгі уақытта -20 -22, күндіз -10-12 градус суық. Ал 3 ақпанда қар жауады. Ауа температурасы түнде -14 -16, күндіз -7 -9 градус шамасында болады. Алматы қаласы бойынша 1-2 ақпанда жауын-шашынсыз болып, 3 ақпанда қар жауады.
Дереккөз: 24.kz