2017 жылғы төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 189,5 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 200,0 мың адам жұмыстан кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
2017 жылғы төртінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,9%, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 94,8% құрады.
Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.
Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.
Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.
Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.
Дереккөз: Baq.kz