Тағы екі қазақстандық Олимпиаданың финалына шықты

0 7

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық Колмаков пен Рейхерд могулдан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд 81.23 көрсеткішімен үштікті түйіндеді. 86.07 ұпай жинаған канадалық Микаэль Кингсбери көш бастаса, екінші орынды — ресейлік Александр Смышляев (83.93) иеленген. Сондай-ақ, қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков іріктеу сайысында 79.98 ұпаймен жетінші орын алып, финалға өтті. Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында могулдан қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева финалға жолдама алған еді.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.