Алексей Полторанин Олимпиадада бақ сынайды – 13 ақпандағы жарыс кестесі

0 16

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 13 ақпан күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақтарын сынайды. Олардың қатарында жүлдеден басты үміткерлердің бірі шаңғышы Алексей Полторанин бар. Енді назарларыңызға 13 ақпандасынға түсетін спортшыларымыздың жарыс кестесін ұсынамыз.

13 ақпанда сынға түсетін қазақстандық спортшылар:

Тау шаңғысы: Ерлер. Комбинация: 11:30  — Квалификация 15:00 — финал Қатысушы — Игорь Закурдаев.

Шаңғы жарысы: 17:30 Әйелдер. Класикалық спринт. Іріктеу 18:15 Ерлер. Класикалық спринт. Іріктеу 21:25 Әйелдер. Класикалық спринт. Финал 21:35 Ерлер. Класикалық спринт. Финал Қатысушылар — Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Алексей Полторанин, Денис Волотка.

Шорт-трек: 19:00 Ерлер, 1000 м. Іріктеу Қатысушы — Нұрберген Жұмағазиев 19:00 Ерлер. Эстафета. Іріктеу Қатысушылар — Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов

Конькимен жүгіру спорты: 20:00 Ерлер, 1500 м. Финал Қатысушылар — Денис Кузин, Федор Мезенцев.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.