Бір жыл ішінде қазақстандық фармөндіріс 73,4 миллиард теңгенің өнімін, яғни өткен жылға қарағанда 73,1% көп шығарған. Дәрі-дәрмектердің шығарылуы 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 31,8 мың тоннаға жетіп, былтырға қарағанда 79,8% артық шығарған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2017 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша фармкорпорациялар антибиотикке деген сұранысты бар-жоғы 14,3% қамтамасыз еткен, алайда басқа да дәрі-дәрмек пен фармацептикалық препараттарға деген сұранысты бірден 53,1% қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, дәрумендер мен сол тектес дәрілер Қазақстанда өндірілмейді.
Гормондық препараттар (бірден 21,6 %), анальгетиктер (12,9%) және асқазанға арналған препараттар (7,5%) айтарлықтай қымбаттаған. Орташа есеппен алғанда фармацептикалық өнімдердің бағасы бір жыл ішінде 6%-өскен.
Дереккөз: Baq.kz