Қазақстанда мұғалімдерге көрсетілген қысымды билік өкіліне көрсетілген қысыммен теңестіретін Ресей тәжірибесін қабылдағысы келеді. Парламент сенатының депутаты Динар Нүкетаева қоғамда мұғалім мамандығының қадір-қасиетін көтеретін бірқатар ұсыныс айтты. Ол өз сауалын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ресейде педагогқа қатысты жасалған қысым мен қадір-қасиетін төмендетуді билік өкілдеріне көрсетілген қысыммен теңестіруге ұсыныс жасалып жатыр. Мұндай тәжірибе біздің мұғалімдерге қатысты да қолданылса деген ниет бар», — деп жалғастырды сөзін сенатор.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде бейнекамерасы бар, интернетке қосылған ұялы телефон ұстауға тыйым салынғандығын еске салды.
Еске сала кетсек, Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында орта білім беру мекемелерінде ер мұғалімдердің аз екенін айта келе, педагогикалық мамандықтарға ер азаматтарды тарту үшін жеңілдіктер қарастыруды да сұрады.
Дереккөз: Baq.kz .