Латын графикасына негізделген жаңа әліппе 2020 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

0 6

Латын графикасына негізделген жаңа әліппе 2020 жылдан бастап енгізілуі мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мектептерде латын графикасын енгізу жұмысы екі жылдан кейін басталады.

«Дәл қазір латын графикасын енгізу кестесі жоқ. Дегенмен, жоспар бойынша «0»-інші сыныптан бастаймыз. Оған екі жыл беріледі. Осы жұмысты 2020 жылда бастаймыз деп отырмыз. Бәрімен ақылдасып, жан-жақты қарастырып, әліппе дайындап, ең алдымен осы жұмысты жасап, сосын ары қарай қарастыратын боламыз. Сондықтан біз латын графикасына үлкен апробация жасап, жаңа әліппені дайындаймыз. Одан кейін оны сараптамадан өткіземіз. Сосын барлығын мұғалімдермен, мектеп диреткорларымен, сарапшылармен кеңінен талқылауымыз қажет. Сөйтіп, нақты бір кестені қабылдап, латын графикасын асықпай енгізуіміз керек», — деді Е.Сағадиев журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, латынды енгізуді асықпай бастасақ та, ол жұмысты үзбей жүргізу керек.

«Әрине, асықпау қажет. Алайда бір рет бастап кеткеннен кейін тоқтауға болмайды, латынға толығымен көшуіміз керек. Сондықтан қазірден бастап барлық мәселелерді ескерген жөн. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жақсы. Маған ұнады», — деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.