Ақ Олимпиадада қоржынымызға жалғыз қола медаль салған Юлия Галышева елге оралды, деп хабарлайды КТКтелеарнасы.
Могулшы қызды бүгін жанкүйерлері, достары, туған-туыстары Алматы əуежайынан күтіп алды.
Юлиямен бірге Оңтүстік Кореядан тағы бірнеше спортшымыз келді. Жарысын мерзімінен бұрын аяқтаған мəнерлеп сырғанау шебері Денис Тен мен шаңғы акробатикасынан ұлттық құрама да бар.
Бірақ олар Галышева сияқты көптің алдына шығып сұхбат берген жоқ.
Әзірге жалғыз қола медальмен ел құрамасы жалпы есепте 25-ші орында тұр.
Кеше шаңғышыларымыз Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко және Виталий Пухкало эстафеталық сайыста жарыс жолына шыққан болатын. Алайда, 10 шақырымдық бәсекеде жерлестіріміз 8-ші орыннан көрінді.
Сондай-ақ, конькимен жүгіруші Екатерина Айдова да 500 метрлік жарыста жолы болмай, 21-ші орынды місе тұтты.
Ал, дәл қазір қазақстандық спортшылар конькимен жүгіруден ел намысын қорғап жатыр. Яғни, ерлер арасындағы 500 метрлік қашықтықтағы сында Артем Крикунов, Станислав Палкин және Роман Кречке үміт артып отырмыз.
Дереккөз: 365.kz