«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, 21 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 9 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді.
Ал Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Ақсай, Орал және Өскемен, Талдықорған қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде. Еске сала кетсек, тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдарға атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.
Дереккөз: Baq.kz