Қырғызстан азаматы Түркияға жарияланбаған ақшамен ұшып кетпекші болған, деп хабарлайды BNews.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана» халықаралық әуежайындағы тексеру бекетінде шекарашылар жасағы Астана-Ыстамбұл бағытындағы рейстен 27000 доллар көлеміндегі жарияланбаған ақшасы бар 30 жасар Қырғызстан азаматын ұстады», — деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Осы оқиға бойынша тиісті құқық қорғау органдары хабарландырылды.