Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылады

0 2

2026 жылғы 26 ақпан сағат 22:00-де ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-35°C) бес облыста жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол мекемесі.

Павлодар облысы:

Барлық бағыттар бойынша.

Ақмола облысы:

Барлық бағыттар бойынша.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Барлық бағыттар бойынша.

Қарағанды облысы:

— «Астана — Қарағанды — Алматы» (KAZ01) км 92–164 (Ақмола облысы шекарасы — ПВП Теміртау).

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» (KAZ20) км 231–324 (Павлодар облысы шекарасы — Ботақара ауылы).

— «Астана — Қабанбай Батыр — Нұра — Теміртау» (KAZ05) км 51–266 (Ақмола облысы шекарасы — Теміртау қаласы).

Қостанай облысы:

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» (KAZ03) км 682–729 (Сарыкөл ауылы — Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы).

— «Қостанай — Мамлютка» (KAZ18) км 180–250 (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы — Узынкөл ауылы).

— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» (KAZ23) км 218–232 (Октябрьский ауылы — Ақмола облысы шекарасы).

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» (KAZ13) км 340–377 (Арқалық қаласы — Ақмола облысы шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 27 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қазавтожол осыған дейін екі облыста барлық көлік түрлері үшін көлік қоғалысы шектелгенін хабарлады.

Алматы облысы:

— «Алматы — Шелек — Қорғас» (KAZ06) автожолының 136–254 шақырым аралығы (Байсейіт ауылы — Жетісу облысының шекарасы).

Жетісу облысы:

— «Алматы — Шелек — Хоргос» (KAZ06) автожолының 254–261 шақырым аралығы (Алматы облысының шекарасы — Көктал ауылы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Осыған дейін 26 ақпандағы республика жолдарындағы ахуал туралы мәлімет берген едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.