Шымкентте 9-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті

0 19

Оқушы терезеден секірер кезде мұғалімдердің бірі оны қапсыра ұстап алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Шымкенттегі №18 мектепте болды. Алдын ала болжам бойынша, оқушы қыз ақшасын жоғалтып алғаны себепті көңіл-күйі түсіп, мектептің екінші қабатынан секіріп кетпекші болған. Секірер кезде оны мұғалімдердің бірі қапсыра ұстап алған.

«Тоғызыншы сынып оқушысы екінші қабаттағы терезеден секіріп кетпек болды, бірақ мұғалімдердің бірі оны көріп үлгерген. Ол оқушы қызды бұл әрекетінен бас тартуға көндіріп, мектеп психологы да сөйлескен. Бұл соңғы жетінші сабақта болған жағдай», — дейді мектеп директоры Гүлнар Омарова.

Мұғалімдер терезеден секіргелі тұрған оқушымен 20 минут бойы сөйлескен. Бұл уақыт аралығында мектеп жұмысшылары жерге спорттық төсеніш жайып үлгерген. Ер мұғалімдер оқушы секіріп кеткен жағдайда қағып алуға дайын тұрған.

Мектепке полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі шақырылған. Мұғалімдер ондай ойдан бас тартуға көндіре алмай, ақыры оқушы қыз терезеден төменге қарай секірген.

«Оқушы екінші қабаттан секірген кезде оны біздің Асқар Үсенов деген әріптесіміз қапсырып ұстап үлгерді. Біз оған мұндай әрекеті үшін алғыс айттық. Ол оқушының өмірін құтқарып қалды деуге болады», — деді мектеп директоры.

Оқушы ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне қайтарылды. Енді онымен психологтар жұмыс істейді. Оқушы ата-анасының мектепке талап-арызы жоқ.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.