Парламент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы Конституциялық Заңды қабылдады

0 2

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

— Екінші оқылымға дайындау барысында Бірлескен комиссия Парламент депутаттары мен тұрақты комитеттердің ұсыныстарын қарап, жан-жақты талқылады. Депутаттардың түзетулері бойынша заң жобасының нормалары жаңа Конституция ережелеріне сәйкес келтірілді. Құжаттың атауы енді «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» ҚР Конституциялық Заңы болып өзгертілді, — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 наурызда Парламент Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.