Қазақстан армия қатарында 8000-ға жуық әйел әскери қызметші қызмет атқаруда

0 23

Өзінің кәсібін Отан қорғаушы рөлі ретінде таңдаған адамдардың бойынан батылдық пен табандылық қасиеттері табылады. Бұл қасиеттері Қарулы Күштерде қызмет етіп жүрген ер адамдардың ғана емес, сонымен бірге, нәзік жанды арулардың бойынан табылады. 

Әскери қызметтің ауыртпашылығы мен шектеулеріне қарамастан, әйел әскери қызметшілер қазақстандық әскерде әйел бет-бейнесінің барын үлгі ретінде паш етіп, оларға қойылған тапсырмаларды орындауға әзір әскери істің кәсіпқойлары болып табылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын лауазымдарда отыздан аса пайыз әйелдер қызмте атқарады. Оның ішінде, олар диспетчерлік қызметке, медицинаға, байланысты ұйымдастыру және тағы басқаға тартылған.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Армия халықаралық ойындары шеңберінде өткен жылдың тамыз айында Санкт-Петерборда өткен «Әскери-медициналық эстафета» байқауындағы жеке есепте үшінші орынды еншілеген 66597 әскери бөлімі барлау-шабуылдау ротасының мергені ефрейтор Шамшырақ Сержанова қызмет етеді.

Нәзік, сұлу және талдырмаш арудың бойында қуатты ішкі энергия және физикалық күш бар. Қарулы Күштерге шақырылар алдында оның спорттық жетістіктерінің арсеналы 15 шақырымға жүгіру марафонындағы жеңіспен толықты.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36803 әскери бөлімі зымыран дивизионының есептеуіш маманы ефрейтор Татьяна Купцова өз ісінің хас шеберлерінің бірі болып табылады. Өзінің мансабын ол телефонист лауазымынан бастаған және қазіргі күнге дейін өзінің қызметін «Шығыс» ӨңҚ 36803 әскери бөлімінде әскери қызметін лайықты түрде жалғастырып келеді.

Одан басқа, Татьяна шаңғы жарысы бойынша сайыстарда бірнеше дүркін жүлдегер атанды және бірнеше мәрте өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғады. Қазақстанның имиджін нығайтуда әртүрлі спорттық сайыстарға, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионаттарына, Азия ойындары мен өзге де сайыстарға қатысып жүрген армиялық спортшылар да өз үлестерін қосып жүр.

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары еліміздің құрамасының қоржының бірнеше рет әртүрлі жетістіктегі медальдармен толықтырды. Әйел әскери қызметшілер «Достастық жауынгері» халықаралық байқауларында, Армия халықаралық ойындары сайыстарында еліміздің намысын қорғап жүрген жайлары бар.

Олар бүгінде отбасылық өмір мен кәсіби мансапты қатар алып жүре алатындарын дәлелдеді. Жұмыста әйел әскери қызметшілер жауапкершілік пен кәсібиліктің, отбасы ошақ қасында ұйытқы іспетті.

Бүгінде олардың әрқайсысы әскеріміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту және әскери қызметтің имиджін арттыруға сүбелі үлес қосып жүр.

Дереккөз: ZhambylNews 

Leave A Reply

Your email address will not be published.