Синоптиктердің болжамы бойынша мереке күндері ауа райы құбылмалы болады.
Оңтүстік өңірде және оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы 8-13-тен 15-20-ға дейін көтеріледі. Ал, шығыста 3-8 градус нөлден жоғары болады. Қазақстанның батысы мен орталығында, солтүстігінде Батыс Сібірден келетін ауа массаларына байланысты күн суытады. Тіпті, қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. «Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен циклон келеді, соған байланысты республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жауын-шашын түсіп, қатты жел тұруы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, температура жоғарылайды», – деп жазылған хабарламада.
Дереккөз: massaget.kz