Алматыдағы метро вагондарының бірінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды.
Таяуда Instagram желісінде әйел адамның метро вагонында плакаттарды жыртып, метродағы мониторды қиратып жатқан сәті түсірілген видео пайда болған еді. Әйел оны тыныштандырмақ болғандарға «8 наурыз — не істегім келеді, соны істеймін» деп жауап берген.
«Бұл жағдай 6 наурызда болған. Ол сағат 23.27-де «Алмалы» стансасынан мініп, ерсі қылықтар көрсете бастаған. Шамамен сағат 23.45-те оны «Алатау» стансасынан түсіріп жіберіп, оны «Боран» экипажына жіберген. Олар әйелді Бостандық аудандық Ішкі істер бөліміне жеткізген», — деп хабарлады Алматы Метрополитенінің баспасөз хатшысы Анна Мерзлякова.
Қызметкерлердің айтуынша, әйел мас болмаған.