Теміртауда келіншек 3 жасар сіңлісін төсекте қансырап жатқан жерінен тауып алған (видео)

0 15

22 жастағы Надежданың туған анасы үш қызынан бас тартқан. Әпкелері 3 сіңлісін балалар үйінен алып кетіп, 19 жасында өз қамқорлығына алған. Алайда олардың бірі 3 жасар Настяға ауыр диагноз қойылған екен.Бұл туралы «Новости Темиртау» хабарлайды.

Надежда Каспер күйеуімен бірге сіңлілерін асырап отыр. Кішкентай сіңлісі Настя үшін Надежда анасындай болып кеткен. Алайда олар қазір Теміртаудағы ауруханада жатыр.

Таяуда Настяның денесінен қан кетіп, жан сақтау бөліміне түскен. Оған туа бітті бүйректен тыс формадағы қақпалық гипертензия диагнозы қойылған.

Настяның  ауыр дерті туралы Надежда мен күйеуі кездейсоқ білген. Бірде олар бүлдіршінді төсегінде қансырап жатқан жерінен тауып алыпты

Настяға 3 жасқа дейін 3 ауыр ота жасалған. Кішкентай қыздың қан тамырларын алмастырып, тіккен екен. Мұнан кейін церребральді сал ауруы (ДЦП) қосылыпты.

Десе де бүлдіршіннің дертінің емі жоқ емес. Мұндай дертке Томскі дәрігерлері Ульзибат әдісін қолданады екен. Настяға құны 1 мың АҚШ доллары тұратын ота 23 сәуіріне тағайындалған. Ота Қарағандыдағы Лохвинский ауруханасында жасалмақ.

«Менің періштем» қоғамдық бірлестігі Настяның еміне 150 мың теңге жинап беріпті. Ал «Ирина» әйелдер гимназиясының ұжымы 100 мың теңге жинаған.

Сондай-ақ Настяның 2 әпкесі оқитын мектеп мұғалімдері оның жағдайына алаңдап, іс-шаралардан артылып қалған ақшаны бүлдіршіннің отбасына көмек ретінде бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.