Америка азаматы қазақ тілінде ән айтып, әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады (видео)

0 2

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің пресс-атташесі Рэн Эльхай Халықаралық әйелдер күні құрметіне танымал әнші Айқынның «Алтыным» әнінін орындады, деп жазады Stan.kz.

Рэн Эльхай видеожолдауын әлеуметтік желіде жариялады.

“АҚШ-та Халықаралық әйелдер күні аталып өтпейтін. Алайда АҚШ-та сексуалды алымсақтық және әйелдерге жасалатын зорлыққа қарсы акция ұйымдастырылып жатқан кезде, мен үшін бұл жерде аталған мейрамды атап өту өте маңызды. Біз жаман әрекетті елемегенімізді және бір-бірімізге тең қарамағанымызды байқадық”, – деп жазды Эльхай.

Сондай-ақ, ол әйелдер қауымын атаулы мерекесімен қазақ тілінде құттықтады.

“Құрметті ханымдар, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Армандарыңыз орындалсын!” – дейді Эльхай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.