Альварес жаңа допинг сынамаларының қорытындысы белгілі болды

0 12

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің қарсыласы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес тапсырған екі допинг сынамасының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған басылымның журналисі Лэнс Пагмайер таратқан деректеріне сәйкес, Алварестің 3 және 5 наурыз күндері тапсырған допинг сынамасының қорытындысы белгілі болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сынамадан кленбутерол және басқа да тыйым салынған препараттар табылмаған.

Осыған дейін, мексикалық боксшының 17 және 20 ақпанда алынған допинг сынамаларынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылғанын жазған болатынбыз. Ал бұған дейін әлемге танымал боксшылардың Канелоны спорттан біржолата аластау керек деген пікірлерін жарияладық.

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канелоға» қатысты допинг ісінің әділ тергелетініне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшы Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препараттың табылуы бокс үшін үлкен кедергі екенін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген. Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.