Өнердегі азаматтар 8 наурыз мерекесінде жұбайларына не сыйлады

0 9

Халықаралық әйелдер күніне өнердегі ер азаматтардың дайындығы қалай? Жыл сайын тойланатын айтулы күнде жұлдыздар нәзік жандыларды қандай тосынсыймен қуантады? Аталмыш мерекенің қарсаңында Stan.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдері арасында арнайы сауалнама жүргізіп, олардың 8 наурызға деген әзірлігін біліп көрді.

«Мен бұл мерекені асыға күтіп, алдын-ала жоспар құрмаймын. Күндегі келіп жатқан күндердің бірі. Бірақ мерекелерімен міндетті түрде құттықтаймын. Қызым анасына гүлін сыйлап, әнін айтып тосын-сыйын жасап жатыр. Біздің үйде кәдімгідей көктемнің лебі сезіледі. Дәл сондай көңіл-күй. Жалпы мереке мерекеге бәрібір ұқсау керек деп ойлаймын. Ал 8 наурыз күні ең бірінші анамды құттықтаймын», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Ал, Мейрамбек Бесбаевтың әріптесі Кенжебек Жанәбілов бұл мерекеге керісінше ерте қамданатын ер азаматтардың бірі. «Музарттық» әнші балаларының анасы мен қос қызының таңдаған сыйлығын дер кезінде алып беруді әдетке айналдырған. Өнер иесі биыл жұбайы Жәмилаға шет елге жолдама сыйлапты.

«Биыл не сыйлық жасайын деп сұрадым. Жақында бір шет елге барып демалып қайтайыншы деп жатыр. Маған да бірге бар дейді. Мен айтамын: «Мен бара алмаймын. Жұмыстарым көп менің. Сен бара бер. Менің сыйлығым сол болсын саған» – дедім. Мүмкін өзі шешімге келіп жатса, осы айдың 10 немесе 11-і күні ұшып кетеді. Өзінің қалаған қаласы сол Дубай болып тұр. Дубайға барсаң, барып қайт дедім. Ал егіз қыздарым Қазақстанда жоқ қуыршақты сұрап жатыр. Өздері ютубтан көріп, әке алып бер дейді. Германияда ғана жсалады екен. Алып беремін деп, уәде беріп қойдым», – дейді Кенжебек Жанәбілов.

Айқын Төлепберген бұл күні жанұясының жанында болмайды. Бірақ пысық әнші ет-жақындарына сыйлықты бір апта бұрын дайындап қойыпты.

«Мен 8 наурыз күні Павлодардамын, 9-ы күні Қостанайдамын. 10 наурыз күні Алматыға бірақ келемін. Сыйлыққа уайымдап жатқан жоқпын. Сыйлықтарымның барлығын дайындап қойдым. Ғаламтор арқылы алдын-ала гүлдердің барлығына тапсырыс беріп, дайындатып қойдым. Сыйлық алған компания өзі жеткізіп береді», – дейді Айқын Төлепберген.

Ал, «Меломен» ұжымының нәзік жандыларға деген тартуы жүректі елжіретеді. Топ әншілері үшін 8 наурыз мерекесі нағыз науқанға толы күн. Жыл сайын жақындарына ерекше көңіл-күй сылайтын еңбекқор жігіттердің еске алатын қызықты сәттері көп-ақ!

«Мысалы, мен осыдан 3-4 жыл бұрын, анама жүннен тоқылған шұлықты сыйлаған болатынмын. Сол 3-4 жылдан кейін үйге барып қалсам, сол шұлықты анам әлі күнге дейін киіп жүр. Ешқандай тозбаған, жап-жаңа. Өзім көрдім де білдім, аналарға не қымбат екенін. Биыл мойынына жаббатын жылы шәліні сыйға тартсам деп отырмын», – дейді «Меломен» тобының әншісі Қайрат Мырзахан.

«Мен оқушы кезімде анама көктемде шыққан бәйшешекті сыйға тартатынмын. Сол кезде анамның, әпкелермінің қатты риза болған сәттерін көрдім де. Бұл үрдіске айналған. Бұл жерде еңбек бар. Тауға шығасың, іздейсің. Аяққа қалың, су өтпейтін аяқ киімді киесің. Биыл 8 наурыз күні де тауға барып, жылдағы әрекетімді қайталамын. Ең бастысы шын көңілден. Бұдан артық сыйлық болмайды деп ойлаймын», – дейді «Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.