Қазақстанның тоғыз облысында су тасқыны болуы мүмкін

0 0

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Синоптиктердің мәліметінше, 16-18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр, кей жерлерде қарқынды) мен оң мәнді ауа температуралары болжамына байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға судың шығу кауіпі бар.

«16-17 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын (көбіне жаңбыр, кей жерлерде қарқынды) мен оң мәнді ауа температуралары болжамына байланысты (облыстың оңтүстігінде) еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға судың шығу кауіпі бар.

17-18 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр, кей жерлерде қарқынды) мен оң мәнді ауа температуралары болжамына байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға судың шығу кауіпі бар.

18 наурызда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр, кей жерлерде қарқынды) мен оң мәнді ауа температуралары болжамына байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға судың шығу кауіпі бар.

18 наурызда Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр, кей жерлерде қарқынды) мен жылы ауа температурасының сақталуы болжамына байланысты арналардың қысылу, мұз кептелістеріні, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға судың шығу кауіпі бар», — деп хабарлады синоптиктер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.