Қазақстандық шаңғышылар Паралимпиадада командалық эстафетада алтыншы орын алды

0 2

Қазақстандық шаңғышылар Пхенчхандағы ХІІ Паралимпиаданың соңғы күнінде өткен 4х2,5 шақырымдық эстафетада алтыншы орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Команда атынан Александр Колядин, Денис Петренко және Александр Герлиц шықты.

«Паралимпиаданың жабылу салтанатына дейін біздің үштік 4х2,5 шақырымдық эстафета бойынша Қазақстанға алтыншы орын сыйлады. Бұл — финалдық старт. Енді Паралимпиаданың жабылу салтанатына дайындалудамыз. Ертең үйге қайтамыз. Бізге жанкүйер болғандарға, қолдағандарға, қуанышымызды бөліскендерге рахмет айтамыз. Басқа мемлекеттермен қатар Қазақстан туын желбіретіп, марапаттау салтанатында әнұранды көзге жас алып тұрып орындау бақытын сезінген спортшыларға рахмет», — деп жазды әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.